қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.12.2020

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған
«Абай әлемі» жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалі

 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы, ғұлама ойшыл Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен «Абай әлемі» жалпыұлттық студенттік өнер фестивалі өткізіледі.


Қорытынды кезең Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізіледі.


Фестиваль байқаулары:
Абай өлеңдері;
Абайдың қара сөздері;
Абай әндері;
Абай - әлем тілдерінде;
«Абай әлемі» сурет өнерінде.

 

Байқауға республикамыздың 60-тан астам ЖОО 200-ге жуық үметкер қатысады.

 

Басталуы: 09.00-де

 

Өткізілу мерзімі: 4-5 желтоқсан 2020 жыл

 

ZOOM платформасында


Байқаулар кестесі

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар
саясаты жөніндегі департамент