қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.12.2020

«Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» конференциясы өтеді

 

2020 жылдың 21 желтоқсаны күні сағат 10.00-де ZOOM платформасында «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова құттықтау сөз сөйлеп, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев, Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиев, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, «Латын» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі Фаузия Оразбаева, Ресей халықтар достастығы университеті шетел тілдері кафедрасының профессоры, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, психолингвист Ирина Карабулатова, Торонто профессоры, психотерапевт Валерий Белянин пленарлық баяндама жасайды.

 

Конференция бес секция бойынша жұмыс істейді. Республика профессорлары мен пән мұғалімдері қатысады. Қонференция барысында оқулық мәтінінің мазмұны мен этномәдени сипаты, танымдық және тәрбиелік мәні, оқулық әзірлеудегі психолингвистикалық және психодидактикалық талаптар, электрондық оқу басылымдары және білім берудің аксиологиялық қызметі, оқулықтың мәтіннен тыс аппаратының рөлі және оған қойылатын талаптар мәселелері қарастырылады.

 

Өткізілу күні: 21 желтоқсан 2020 жыл

 

Уақыты: 10.00-12.00, өткізілу форматы: On-line (ZOOM платформасы)

 

Идентификатор: 813 588 2514

 

Код: 21122020