қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2024

Үздік ұстаздар мен ғалымдарды марапаттау

 

2024 жылдың 1 наурыз күні Түркістан қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек Республикалық «ЖОО үздік оқытушысы - 2023», «Үздік ғылыми қызметкер - 2023» байқауларының жеңімпаздары мен Ғылым саласындағы атаулы сыйлық және мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлерін салтанатты түрде марапаттады.


500-ден астам көрерменнің басын қосқан іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен оқытушылар, білім беру мекемелерінің басшылары мен білім алушылар қатысты.


Абай университетінің ғалымдары оқу ордасының білім беру және ғылыми бағдарламалары мен жобаларының жоғары деңгейін дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді.


«ЖОО үздік оқытушысы - 2023» байқауының жеңімпаздары - профессор Б.Жумагуловқа, PhD докторлар К.Бекенаева мен Д.Алиаскаровқа арнайы төсбелгі тапсырылып, 2000 АЕК көлеміндегі сыйақыға ие болды.


Сондай-ақ, Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері - профессор Ш.Құрманбайұлына, Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері, жетекші ғалым - профессор А.Бердышевке, талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендия иегерлері - PhD докторлар Ж.Байшемиров пен А.Сейлханға арнайы сертификаттар табысталды.


Білім мен ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарымызды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=