қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2024

Болашақ психологтар өндірістік практика барысында әскери бөлімде семинар-тренинг өткізді

 

2024 жылғы 28 ақпанда Педагогика және психология институты, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «6В03111 - Практик-психологтарды даярлау» мамандығының 4 курс студенттері өндірістік практика барысында ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 7552 әскери бөлімінде семинар-тренинг) жүргізді.

 

Семинар-тренинг «Crazy puzzle quest» тақырыбында квест форматында өтті. Семинар-тренингтің мақсаты - сарбаздардың заманауи қоғам талап ететін қабілеттерінің «4К-моделін» дамыту.

 

Тренингке ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 7552 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары, аға лейтенант Абдыкалиев Дәулет, ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 7552 әскери бөлімінің нұсқаушы-психологы лейтенант Анарбаев Мейірбек, практика әдіскерлері Тукебаева Саулет, Сулейменова Әсем және әскери бөлімдегі «Күз-2023», «Көктем-2024» әскерге шақырудың мерзімді қызметінің сарбаздары қатысты. Тренингті «6В03111-Практик психологтарды даярлау» мамандығының 4 курс студенттері Сағынғали Айым, Абдисейт Жансұлу, Дюсебаева Камила, Рейпназарова Лаура, Кабанбаева Лаура, Закіржан Айнұр жүргізді. Жүргізілген квест өте қызықты өтті, сарбаздар рефлексия барысында практикант-психологтардың жұмысын жақсы бағалап, квестті ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=