қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.02.2024

«Мамандығым - мақтанышым» студенттер сайысы

 

2024 жылдың 28 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен «Мамандығым - мақтанышым» студенттік байқауы өтті.

 

Байқау 2 айналымнан тұрды: І айналым: Мамандықты таныстыру; ІІ айналым: Мамандықты практикалық тұрғыда жүзеге асыру. Сайысқа Педагогика және психология институтының 6 білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар қатысты. Студенттер сайыста өздерінің барлық педагогикалық шеберліктерін жан-жақты замануи талапқа сай көрсетті.

 

Байқаудың мақсаты: Байқау білім алушылардың өзі оқып жүрген мамандықтары туралы кәсіби білімін тексеру және өз бойындағы шығармашылық құндылықтарын қолдана отырып, болашақ мамандықты жарнамалау.

 

Қазылар алқасы құрамы: п.ғ.к., доцент Алмагүл Айтпаева, институт директорының әлеуметтік-тәрбие жөніндегі орынбасары Сәуле Шолтай, магистр, аға оқытушылар: Нұрғайша Кудушева, Лайля Сахиева.

 

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=