қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.02.2024

Абай университеті ғалымдары Термез мемлекеттік педагогикалық институтында дәріс оқыды

 

2024 жылдың 19-24 ақпан аралығында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары: п.ғ.к., қауымдастырылған профоссор Сажила Нуржанова, п.ғ.к., қауымдастырылған профоссор Асель Стамбекова, п.ғ.к., аға оқытушысы Адлет Кариев, PhD., қауымдастырылған профоссор м.а. Азиза Жунусбекова Термез мемлекеттік педагогикалық институтында (Өзбекстан) «Бастауыш оқыту теориясы» және «Бастауыш оқыту әдістемесі» кафедраларының 2-3 курс білімалушыларына «Инклюзивті білім беру», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогикалық шеберлік», «Бастауыш сыныптардағы интегративті білім беру» пәндері бойынша дәріс оқыды.

 

Сондай-ақ, А.Д. Кариев Термез мемлекеттік педагогикалық институты «Бастауыш білім беру» факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған «Бастауыш мектепте оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістері» тақырыбында мастер-класс өткізді. А. Жунусбекова «IMRAD ғылыми мақаласының құрылымы» тақырыбында семинар өткізді, онда Scopus және Web of Science дерекқорында ғылыми мақалаларды сәтті жариялау алгоритмдері талқыланды.

 

Термез мемлекеттік педагогикалық институтының басшылары қазақстандық ғалымдардың жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, оларға институттың оқу және ғылыми-әдістемелік үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыстап, ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=