қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2024

Абай университетінде педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

 

2024 жылдың 29 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің «Болашақтағы педагогикалық білім: модель, құндылықтар, серіктестік» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті. Мақсаты - педагогикалық білім берудің, технологиялардың өзекті мәселелерін талқылау, оқыту үрдісін және жалпы білім беру жүйесін жобалауды өзгерту.

 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Балаларды ерте дамыту институтының өкілдері, сондай-ақ білім беру мекемелерінің басшылары, ғалымдар мен оқытушылар қатысты.

 

Іс-шара барысында педагогикалық білім берудегі жаңа тенденциялар, жаһандық мүмкіндіктерді кеңейту және ұзақ мерзімді халықаралық байланыстарды орнату мәселелері, педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарымен бірлесіп педагогикалық білім беру тұжырымдамасын одан әрі іске асыру, сондай-ақ педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларында жасанды интеллектті пайдалана отырып, білім беру үрдісінде оқытудың инновациялық әдістерін қолдану мәселелері талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=