қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.11.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ-да біліктілікті жоғарлату курстары өтті


2017 жылдың 14-15 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Абай атындағы ҚазҰПУ-Пушкин институты» серіктес желісі аясында "Орыс тілін оқытудағы заманауи білім беру технологиялары" атты орыс тілі оқытушыларына біліктіліктерін жоғарлату курстары өтті.
Курстың лекторы - Профессор,педагогика ғылымдарының докторы, А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының инновациялық және үздіксіз білім беру басқармасының ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы, Орыс орталығының жетекшісі Наталья Владимировна Кулибина болды.
Шара барысында «Ғаламдық білім беру кеңістігіндегі орыс тілі» біліктілікті жоғарлату бағдарламасының қашықтан оқыту модулінің тақырыптары ұсынылды:
1. Заманауи орыс тіліндегі белсенді үдерістер;
2. Пушкин институтының сертификаттау тестілеуінің келешегі мен мәселелері;
3. Ресей аймақтық зерттеулерінің өзекті мәселелері:бүгінгі күндегі Ресей елі;
4. Екі тілде сөйлеуші балаларды тестілеудің лингводидактикалық негізі.
Іс-шараға 135 тыңдаушы қатысты, оның ішінде Алматыдағы 16 ЖОО өкілдері, Т. Жүргенова атындағы Өнер колледжі, сондай-ақ Алматы қаласының және облысының мемлекеттік және жекеменшік мектептері.
Курс соңында барлық қатысушыларға біліктілікті жоғарлату курсының аяқталғаны туралы сертификаттар табысталды.