қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.01.2021

«Қазақстан және Қытай: екі ел арасындағы қоғамдық қатынастарының тарихи аспектілері» халықаралық конференциясы


2021 жылы 26 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының Әлем тарихы кафедрасы «Арман» қоғамдық бірлестігі» ақпараттық-консалтингтік орталығымен бірлесіп Қазақстан мен Қытай арасындағы достық серіктестік қатынастарды дамыту аясында, сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастарды қолдау және зерттеу саласын дамыту мақсатында «Қазақстан және Қытай: екі ел арасындағы қоғамдық қатынастарының тарихи аспектілері» халықаралық онлайн-конференциясы өтеді.

 

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланады:
- Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы позициясы мен беделін нығайту;

- Қазақстан мен Қытай: екі ел арасындағы қарым-қатынас;

- Жаһандану мен аймақтандырудың заманауи үдерісіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты;

- Орталық Азиядағы аймақтық интеграцияның мәселелері мен келешегі.


Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, қытай, орыс, ағылшын.

 

Конференцияны өткізу түрі: онлайн (Zoom бағдарламасы)

 

Өтінімдер мен мақалаларды өткізу мерзімі - 2021 жылғы 15 ақпанға дейін.

 

Онлайн-конференция материалдарының электронды жинағын шығару жоспарлануда. Мақалалар келесі электронды мекен-жайға жіберілуі керек: mereke_55@mail.ru ,  edelveis_06@mail.ru 


Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасы

 

Анықтама телефондары: Ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшылары: Мақсат Жақауов 87013042770, Ырыстанұлы Базар 7707 222 1229.

 

Ақпараттық хат