қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.01.2021

Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша халықаралық онлайн-конференция өтеді


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының ұйымдастыруымен2021 жылы 21-22 қаңтар аралығында «Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтеді.


Конференцияға шетелдік және қазақстандық инклюзия бағытындағы арнайы педагог-мамандар, психологтар, кітапхана мамандары, бейімделген технологияларды құрастырушы компаниялардың өкілдері, баспа мамандары мен ақпараттық ресурстар өнімдерінің құрастырушылары қатысады.


Конференцияда инклюзия, кітапхана кеңістігінде инклюзивті орта құру, білім берудің осы түріне бейімделген арнайы технологиялық құрылғылар мен ақпараттық ресурстарды пайдалану саласындағы озық тәжірибелер қарастырылады.

 



819

Кері оралу