![]()
03.04.2024 Халықаралық балалар кітабын оқу күні
2024 жылдың 2 сәуірінде, «AMANAT» партиясы Медеу аудандық филиалымен бірлесіп, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, Халықаралық балалар әдебиеті кітабы күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс 3-ші тобының студенттері «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығына барып, осы мекемеге түрлі кітаптар сыйлады. Оңалту орталығының кітапханасына педагогикалық және көркем әдебиетті тарту - өскелең ұрпақтың дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ, топ студенттері орталықтағы емдік дене шынықтыру маманының жұмысымен және мұқтаж балаларды оңалтуда қолданылатын тренажерлармен танысты.
1курс 3 топ эдвайзер Бахыт Азимхановна
|