қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.04.2024

Халықаралық балалар кітабын оқу күні

 

2024 жылдың 2 сәуірінде Халықаралық балалар кітабы күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-курс 3-ші тобының студенттері «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығына барып, осы мекемеге түрлі кітаптар сыйлады. Оңалту орталығының кітапханасына педагогикалық және көркем әдебиетті тарту - өскелең ұрпақтың дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ, топ студенттері орталықтағы емдік дене шынықтыру маманының жұмысымен және мұқтаж балаларды оңалтуда қолданылатын тренажерлармен танысты.

 

1курс 3 топ эдвайзер Бахыт Азимхановна

 

  alt=  

 

  alt=