қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.01.2021

Сорбонна-Қазақстан институтының дипклубында Француз дипломатының дәрісі өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының Дипломатиялық клубы дәрістер сессиясын бастайды. 2021 жылы 26 қаңтарда сағат 17:00-де Қазақстандағы Францияның Бас консулы Алексис Шахтахтинский мырза Сорбонна-Қазақстан институтына келеді.

 

Осы сапар аясында институт ғимаратында онлайн режимінде Францияның Бас консулы Алексис Шахтахтинский мырзаның ашық дәрісі өтеді. Өзінің дәрісінде Алексис Шахтахтинский мырза «Бүгінгі дипломатия мамандығы» тақырыбымен бөліседі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының барлық студенттерін, магистранттарын, докторанттарын және барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды онлайн қатысуға шақырамыз.