қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.01.2021

Алматы зоологиялық паркімен бірлескен «Жыл құсы» жобасы жүзеге асырылуда

 

2021 жылдың 1-ші наурызынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының «Биология» білім беру бағдарламасы Алматы қаласы мәдениет басқармасының КМҚК «Алматы зоологиялық паркімен» бірлесе отырып, Халықаралық құстар күніне орай «Жыл құсы» жобасын жүзеге асырады.

 

Жобаға қатысуға Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың оқушылары және жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттері шақырылады.

 

Жоба үш онкүндік аясында жүзеге асырылады:

1. «Құстар туралы» сурет конкурсы;

2. «Ұядағы құс» көрмесі;

3. «Жыл құсы» конкурсы.

 

«Жыл құсы» жобасына қатысуға өтінімдер 2021 жылдың 30 қаңтарына дейін ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайында pticagoda_2021@mail.ru қабылданады.

 

Жобаның жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы алғыс хаттармен (грамоталар, дипломдар) және бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ Алматы хайуанаттар бағына (тегін) бара алады.


Ұйымдастырушылардың байланыс телефондары: +77007466933 Батырова К.И., +77479345093 Ахметова А.Б.