қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.02.2021

«Әдістемелік десант:болашақ педагог мамандарды кәсіби қолдау» республикалық on-linе телеконференциясы

 

2021 жылдың 17-22 ақпан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Әдістемелік десант: болашақ педагог мамандарды кәсіби қолдау» тақырыбында республикалық телеконференция өткізеді. Басталуы 17 ақпан сағат 10.00. Телеконференция жұмысына республиканың барлық аймақтарынан тәжірибелі педагог мамандар, ғалымдар, әдіскерлер, оқытушылар, мұғалімдер шақырылады. Республикалық телеконференцияның мақсаты - Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы қызметкерлері, ЖОО профессор-оқытушылары, «Өрлеу» БАҰО» орталығы тренерлері, мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибесімен, ғылыми-әдістемелік зерттеу нәтижесімен танысу, өзара тәжірибе алмасу және болашақ мұғалімдер мен жас мамандардың біліктілігін арттыруға, болашақ маман-студенттердің кәсіби дамуына бағдар беру.


Өткізу мерзімі: 2021 жылдың 17 ақпаны, басталуы сағат 10:00.


Өткізу форматы: on-linе, ZOOM платформасы.


Телеконференцияны өткізу тілі: қазақ, орыс тілдері.