қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.02.2021

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы өтеді. Айтысқа Қырғызстан, Моңғолия, Қытайдан келген студент ақындармен қатар еліміздің жоғарғы оқу орындарының үздік жас ақындары қатысады.


Аламан додаға түсетін жас ақындардың айтысына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» орденінің иегері Жүрсін Ерман, «Құрмет» орденінің иегері, «Айтыстың ақтаңгері» Бекарыс Шойбеков, ҚР Мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Серік Қалиев, «Қазақ радиолары» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі, айтыскер ақын Бақыт Жағыпаровсынды өнер майталмандары қазылық етеді.


Шара аясында «Жамбылдың мәңгілік жарқын жолы» ғылыми мақалалар жинағы және «Менің пірім-Сүйінбай» журналының тұсаукесері өтеді.


Ұйымдастырушылар - Тәрби, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент «О. Досбосынов» атындағы жас ақындар орталығы

Іріктеу кезеңі: 18 ақпан күні сағат 11.00-де


Ақтық кезең: 19 ақпан күні сағат 14.00-де

Дүбірлі додаға түсетін ақындар офлайн айтысады.

Көрермендер айтысты ZOOM платформасынан, «аbai_university» инстаграм парақшасы және «Abai university KazNPU»,«QAZMURA» ютуб каналдарынан тамашалай алады.


Шара барысында пандемиялық жағдай ескеріле отырылып, барлық эпидемиологиялық талаптар сақталады.

Платформа: ZOOM


Идентификациялық номері:
942 2151 9371


Паролі: 656401

Бағдарлама


Бейнеролик

 



 



793

Кері оралу