қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.02.2021

Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары!


ҚазҰПУ-дың серіктес университеті - Перпиньян Виа Домитья Университеті (Франция) педагогикалық мамандықтар, гуманитарлық ғылым (лингвистика, шетел тілдері- француз тілі), бизнес және әкімшілік (учет және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, туризм) бағыттары бойынша Эразмус+ академиялық ұтқырлық шәкіртақы бағдарламасына қатысуға шақырады.

 

Эразмус+ академиялық ұтқырлық шәкіртақы бағдарламасына бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім алушылар, қызметкерлер қатыса алады.

 

Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2021 жылдың 15 ақпанынан 04 сәуірге дейін

 

Үміткерлердің қатысу шарттары:

- француз тілінен емтихан тапсырылғаны туралы куәліктің (DELF B2 / TCF B2) болуы міндетті немесе француз тілінің оқытушысынан француз тілін білу туралы растау;

- ағылшын немесе испан тілдері (сертификат қажет)

 

 

Бакалавриаттағы үшінші курс студенттері бұл бағдарламаға қатыса алмайды.

Толық ақпаратты берілген сілтемелер арқылы алуыңызға болады: guide for applicants немесе Перпиньян Виа Домитья Университетінің сайты: https://www.univ-perp.fr/venir-etudier-a-lupvd/en-programme-dechanges/avec-le-programme-erasmus-mobilite-internationale-de-credits

 

Сондай-ақ, шәкіртақы, үміткерлерді іріктеу және таңдау шарттары туралы қосымша ақпараттармен қатар, француз және ағылшын тілдеріндегі үміткерлерге арналған нұсқаулық сайттың  оң жағында орналасқан.

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 04 сәуір 2021 ж.

 

Қосымша ақпаратты  Халықаралық ынтымақтастық департаментінен алуға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 36 92.

 

 



552

Кері оралу