қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.05.2024

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде дәріс оқыды


2024 жылдың 14-17 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Аударма сапасын бағалау: ғылыми және білім беру салалары» ғылыми жобасының жетекшісі Айгүл Жұмабекова Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономика университетінің Қоғамдық - гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студент-аудармашыларына арналған онлайн дәрістер курсын оқыды.


Аударматану мен мәдениетаралық коммуникацияның әртүрлі мәселелеріне арналған дәрістердің тақырыптары студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, түрлі сұрақтар қойды, соңында лекторға алғыстарын білдірді.

 

  alt=