қазақша · русский · english
   
Студенттердің жетістіктері

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына байланысты Алматы облысы Ұйғыр ауданының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» «Жастар қанаты» «Айбынды жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 17-18 наурыз күндері «Аудан аруы - 2016» байқауына Филология институтының 3 курс студенті Сапарғалиева Сая Құрманғалиқызы қатысып бас жүлдені жеңіп алды ».

Филология институтының 1 курс студенті Жолдыбай Нуржан 2016 жылдың 6 наурызында Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 62 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында Панкратион «Tradition» бойынша жүлделі III орын алды.


2015 жылдың 14-25 қарашасы аралығында Халықаралық студенттер күніне орай Тәрбие жұмысы, Жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен университет көлемінде «Жастықтың оты жалындап...» атты студенттік апталық өтті. Апталық аясында түрлі танымдық сайыстар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Студенттік апталыққа Филология институтының студенттері белсене ат салысты.



Апталық аясында жатақханалар арасында ұйымдастырылған «Бауырсақ Party» акциясында аспаздық шеберлігімен ерекшеленген №3 жатақхана тұрғындары яғни филология институтының студенттері бас жүлденің иегері атанып, Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев мырзаның мақтау қағазымен марапатталды.
«Брейн-ринг» сайысында Филология институтының студенттері жеңімпаз атанып, Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев мырзаның мақтау қағазымен марапатталды.
«КТК» ойындарында сымбаты мен әзілін ұштастыра білген Филология институтының 1 курс студенттерінен құрылған команда «КТК ШЕШЕНДЕРІ» номинациясының иегері атанып, Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев мырзаның мақтау қағазымен марапатталды.


Сонымен қатар студенттік онкүндікте жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленіп, ұйымдастырылған шараларға өзіндік үлес қосқаны үшін Филология институты мен институттың студенттік өзін-өзі басқару кеңесі Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев мырзаның атынан алғыс хат алды.

 

2015 жылы қыркүйек айында Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нде өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Төл тарихым - тамырым» атты республикалық студент ақындар айтысында үздік өнер көрсеткен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Қайсабек Айдана І орынды жеңіп алды.

 

 

ОҚО Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен Түркі әлемінің көсемі Мұстафа Шоқай мен ақиық ақын Нартай Бекежановтың 125 жылдық мерейтойларына арналған «Көрнекті тұлға - Мұстафа Шоқай», «Қазақтың сал-серісі ақын Нартай» атты республикалық ақындар айтысын жыр арқауына қосып, ақын ойының кеңдігімен, тапқырлық шешендігі, ұтымды ұйқасымен, өнер сүйер қауымның ыстық ілтипатына бөленіп, үздік өнер көрсеткені үшін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Қайсабек Айдана ІІІ орынды жеңіп алды.

 

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігі мен Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 24 қазанында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы және университеттің 10 жылдығына арналған «Сұлулық сайысы» конкурсында Бас жүлде «Ару» атағын қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті Айтжанова Қазына жеңіп алды.

 

Қазақ мемлекеттік қыздар университеті Хәкім Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы ЖОО студенттері мен магистранттары арасында 2015 жылдың 28 қазан күні ұйымдастырған «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты ақындар айтысында филология мамандығының 1 курс магистранты Қару Нұрзат ІІІ орынды жеңіп алды.

 

 

Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне орай 2015 жылдың 23 қыркүйегі күні Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен университет деңгейінде өткен «Тіл - халықтар достығының алтын діңгегі» атты мерекелік іс-шарада Филология институтының студенттері жүлделі І орынды жеңіп алды.

 

 

 

 

 

2015 жылғы Республикалық пәндік олимпиадада орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Абай атындағы КазҰПУ-дың филология институтының 3 курс студенті Серикова Найля Ғылым және білім министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Республикалық пәндік олимпиядада орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Абай атындағы КазҰПУ-дың филология институтының командасы Ғылым және білім министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

2015 жылы 10 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен өткен ІІ Республикалық «Үздік лингвист - 2015» зияткерлік олимпиадасына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Алиасқар Айдана лингвистикалық терең білімін көрсетіп, ұтқыр ойымен, зияткерлік қабілетімен дараланып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Берікова Жанерке ІІ Республикалық «Үздік лингвист - 2015» зияткерлік олимпиадасына белсене қатысып, лингвистикалық терең білімін көрсетіп, ұтқыр ойымен, зияткерлік қабілетімен дараланғаны үшін мақатау қағазымен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Қуанышева Арайлым ІІ Республикалық «Үздік лингвист - 2015» зияткерлік олимпиадасына белсене қатысып, лингвистикалық терең білімін көрсетіп, ұтқыр ойымен, зияткерлік қабілетімен дараланғаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.