қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.02.2021

РhD дәрежесін алу үшін А.А. Белегованың диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы «6D010300 - Педагогика және психология», «6D010700- Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша құрылған Диссертациялық Кеңесінде «6D010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Белегова Алия Аканбаевнаның «Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалатынын хабарлайды.


Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.


Ғылыми кеңесшілер:
Тұрғынбаева Ботагүл Алтаевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.
Потелюнене Снегина Владовна - доктор, профессор, Витаус Магнус университеті, Вильнюс қаласы, Литва.


Рецензенттер:
Масырова Римма Рамазановна - педагогика ғылымдарының докторы, профессоры, Еуразиялық технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика, білім беру тарихы, этнопедагогика).
Тастанов Әділбай Жұматайұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Халықаралық туризм және меймандос университеті, Түркістан қ., Қазақстан (мамандық шифры 13.00.04 - Дене тәрбиесі, спорттық жаттықтыру, сауықтыру және бейімдеу дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі).


Қорғау 2021 жылғы 26 наурызда сағат 12:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 320-кабинет). Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz


Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі

 

Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық



694

Кері оралу