қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.03.2021

Алматы және Қызылорда облыстарының мектептерінде шетел тілдері кафедрасының филиалдары ашылады


2021 жылдың наурыз айында Шетел тілдері кафедрасы Алматы қаласының атап айтсақ № 159, 140, 9, 176, 53, 47 орта мектептерінде офлайн-онлайн режимінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, аталмыш мектептерде жас мамандарға оқу-әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел мен әртүрлі тақырыпта тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Мектеп пен жоғары оқу орынның сабақтастығының дәлелі ретінде Алматы, Қызылорда облыстарының орта мектептерінде Шетел тілдері кафедрасының филиалын ашу жоспарланып отыр. Шетел тілдері кафедрасының филиалын ашудың негізгі мақсаты - Университеттің жұмыс беруші Мекемемен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын педагог мамандар даярлау сапасын арттыру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мектеп мұғалімдеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік етуді жүзеге асыру.