қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.03.2021

Құрметті әріптестер!


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2021 жылдың 18-20 наурыз күндері аралығында өтетін «Зерттеу университеті жолында ғылым мен білімнің даму болашағы: жас ғалымдардың заманауи көзқарасы» тақырыбындағы жас ғалымдардың ІІ халықаралық конференциясына қатысуға шақырады.

 

Конференцияға қатысу - бұл ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша сындарлы пікір алмасуға, инновацияларды, зияткерлік дағдыларды дамытуға, жастар арасында ғылымды танымал етуге, жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарын жария етуге тамаша мүмкіндік береді.

 

Конференцияға жас ғалымдар, PhD докторанттар мен магистранттар шақырылады.

 

Конференция түрі:  офлайн/онлайн

 

Мақала қабылдау уақыты (дедлайн): 12.03.2021

 

Конференцияның мақсаты - қазіргі ғылымның өзекті мәселелері бойынша жас ғалымдардың ғылыми нәтижелерін жариялау, сонымен қатар, шетелдік ЖОО-да білім алып жатқан жас ғалымдар мен еліміздің жас педагог-ғалымдарының зерттеу тәжірибесімен және тың идеяларымен бөлісу болып табылады.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференцияға мақала жариялау - тегін. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарына оффлайн қатысып, баяндама жасаған тұлғаларға ғана сертификат және алғыс хат беріледі.

 

Баяндама материалдары электронды жинақта университет сайтындағы «Ғылым» (https://www.kaznpu.kz/kz/6/page/) бөлімінде ISBN халықаралық кодымен бірге орналастырылады.

 

Конференцияның негізгі бағыттары: Әлеуметтік ғылымдар саласы, Гуманитарлық ғылымдар саласы; Жаратылыстану ғылымдар саласы; Өнер және мәдениет ғылымдар саласы.


Ғылыми мақалаларды және қатысуға өтініштерді ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына жолдау қажет:

1. Әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша жауапты тұлғалар:Умирбекова Ақерке Нұрланбекқызы akerkesha_85@mail.ru, Бутабаева Лаура Асқарқызы butabaeva_laura@mail.ru  Байланыс телефондары: +7 778 777 07 72, +7 701 272 33 27.

2. Әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша жауапты тұлғалар:

Умирбекова Ақерке Нұрланбекқызы akerkesha_85@mail.ru, Бутабаева Лаура Асқарқызы butabaeva_laura@mail.ru  Байланыс телефондары:+7 778 777 07 72, +7 701 272 33 27.

3. Гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша жауапты тұлғалар:

Найманбаев Алмас Almaz-88.80.17@mail.ru, Абитова Жанар, Байланыс телефондары: +7 707 822 94 02, +7 702 906 30 06.

4. Жаратылыстану ғылымдар саласы бойынша жауапты тұлғалар: Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы laiskhanov@gmail.com , Байшемиров Жарасбек zharasbek85@mail.ru  Байланыс телефондары: +7 775 733 14 33, + 7 701 731 80 68.

5. Өнер және мәдениет ғылымдар саласы бойынша жауапты тұлғалар: Байқұт Кәрім Әлімханұлы karimkhan.art@gmail.com, Бекболатова Құралай sunkarz@mail.ru  Байланыс телефондары: +7 707 690 19 91, +7 702 680 64 12.

 

Ақпараттық хат