қазақша · русский · english
   
Талапкерлерге

Жалпы тіл білімі кафедрасының
2016-2017 оқу жылы бойынша
Кәсіби-бағдар жұмысы
ЖОСПАРЫ

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының

2016-2017 оқу жылында кәсіптік бағдар беру
бағытында атқарылатын жұмыстарының
ЖОСПАРЫ

 

Оңтүстік Қазақстан облысы 18.04 - 23.04 .2016 ж
Кәсіби бағдар беру форумы


Жамбыл облысы 25.04 - 29.04 .2016 ж

Кәсіби бағдар беру форумы


Алматы облысы: 04.04-08.04 2016 жыл аралығындағы

кәсіби бағдар жұмысы


ТАЛАПКЕР-2016ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!
Егер Сіз еліміздің интеллектуалды элитасы болғыңыз келсе, XXI ғасырдың инновациялық мектептерінде жоғары дәрежеде Қазақ, орыс және шетел тілдерін меңгерген ұлағатты ұстаз, аудармашы болғыңыз келсе, ірі шетел компанияларында жұмыс істеуді, терең де дәйекті білім алуды армандасаңыз, бұл мүмкіндікті сізге «Филология және көптілді білім беру институты» ұсынады!
Институтта заман талабына сай қазақ орыс және шетел тілдері бойынша (ағылшын-неміс, ағылшын-француз, неміс-ағылшын, түрік-ағылшын, араб-ағылшын, парсы-ағылшын, қытай-ағылшын ) сапалы білім ала аласыз. Сіздің қоғамда бәсекеге қабілетті, салауатты, заман талабына сай болғыңыз келсе, Филология және көптілді білім беру институтымен бірге арманыңызға жете аласыз!

Филология және көптілді білім беру институтын таңдаған талапкер:
● Университетте дәстүрлі білім алу;
● Қазақ тілі, орыс тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, екі шетел тілі, аударма ісі,филология, шетел филологиясы мамандықтары бойынша сапалы білім алу;
● XXI ғасырдың инновациялық мектептерінде ұстаз болу;
●Тілін оқып жатқан елдің, халықтың мәдениетін және танымын салыстыра отырып, аударма жасай алатын талантты маман болу;
● Халықаралық білім беру стандарты бойынша білім алу;
● Америка, Ұлыбритания, Германия, Латвия, Франция, Қытай, Түрік, Иран елдерінің жетекші университеттерінде оқу;
● Рухани даму және ғылыми бағытта жұмыс істеу;
● Президенттің «Болашақ» бағдарламасының стипендианты;
● Университет ректоры қорының стипендианты;
● Өз білімдерін әрі қарай магистратурада жалғастыру мүмкіндіктеріне ие бола алады.

Филология және көптілді білім беру институты бәсекеге қабілетті, салауатты, заман талабына сай, білімді және еңбек нарығында сұранысқа ие бакалавриат бойынша келесі мамандар дайындайды:

БАКАЛАВРИАТ
Мамандықтар:
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі
ағылшын-неміс
ағылшын-француз
неміс-ағылшын
ағылшын-түрік
ағылшын-араб
ағылшын-парсы
ағылшын-қытай
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
5В020500 Филология
5В020700 Аударма ісі
5В021020 Шетел филологиясы
түрік тілі және әдебиеті
араб тілі және әдебиеті
парсы тілі және әдебиеті
қытай тілі және әдебиеті

5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының студенттері жыл сайын шет елдерде академиялық ұтқырлық бойынша тіл жетілдіру мақсатында білім алуда (Германия,Латвия, Түркия, Венгрия, Австрия, Қытай, Иран т.б.). Базалық шетел тілдері циклі бойынша неміс және француз тілдері базалық және екінші шетел тілі ретінде «5В020700 - Аударма-референт» және «5В01190 - Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарында оқытылады. Кафедра неміс-ағылшын, ағылшын-француз, ағылшын-неміс тілдері мұғалімі және аудармашы-референт мамандықтары бойынша бакалавр дайындайды. 5В021000 - Шетел филологиясы мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Біздің институтта оқитын студенттердің студенттік өмірі өте қызықты. Студенттер арасында ғылыми конференциялар, конкурстар, спорттық жарыстар, шетелдік студенттермен достық кездесулер өткізіліп тұрады.

Оқыту түрі:
Күндізгі бөлім, сырттай бөлім
Оқу мерзімі:
Күндізгі бөлім - 4 жыл
Арнайы орта білім негізінде (күндізгі және сырттай) оқу - 3 жыл
Жоғары білім негізінде (күндізгі және сырттай) оқыту - 2 жыл
Талапкер тапсыратын құжаттар:
• Білімі (жалпы орта білім, арнаулы орта білім, жоғары кәсіби білім) туралы құжаттың түпнұсқасы
• 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет
• № 086-V үлгісіндегі дәрігерлік анықтама
• Мемлекеттік білім гранты берілгені туралы куәлік (бар болған жағдайда)
Институт түлектері өз мамандықтары бойынша магистратурада оқуларын жалғастыра алады.

МАГИСТРАТУРА
Мамандықтар:
Мамандықтар:
6M011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
6M011800- Орыс тілі мен әдебиеті
6М011900 - Шетел тілі: екі шет тілі
6M012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
6M012200- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
6M020500 - Филология
6М020700 - Аударма ісі
6М020900 - Шығыстану
6M021200 - Түркітану
6M021300 - Лингвистика
6M021400 - Әдебиеттану
Магистратураға тапсырушыға қойылатын талаптар:
• Бакалавр дипломы;
• Түсу емтиханын тапсыру үшін шетел тілін тиісті деңгейде білу.
Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша);
2. Жеке куәлігінің көшірмесі;
3. Талапкер сауалнамасы (көк сиямен өз қолымен баспа әріптерімен жазылады);
4. Жоғары білімі туралы құжатының және қосымшасының нотариус куәландырған көшірмесі;
5. Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің ғалым хатшы куаландырған тізімі;
6. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама(флюорографиядан Алматы 0аласында5ы студенттер емханасынан өту керек);
7. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
8. Еңбек кітапшасының нотариус куәландырған көшірмесі;
9. Егер бар болса шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL, IELTS және т.б.);
10. Ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыру және оқудың төлемақысын төлейтіндігі туралы кепілдеме хат;
11. Мекен-жай туралы анықтама(ХҚКО);
12. 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;
13. Құжаттарының тізімдемесі.
Мақсатты даярлық аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға талапкерлер бұған қоса қабылдау комиссиясына мақсатты даярлық орыны берілген ұйым ректоры қол қойған фирмалық бланкіге жазылған жолдама-хат алып келеді.
Қабылдау емтихандары:
ҚР азаматтары үшін:
- Шетел тілінен (ағылшын, неміс, француз және қажет етілетін мамандықтарды араб тілі) стандартталған сауалнама технологиясы бойынша емтихан;
- Мамандық пәні бойынша емтихан.
Шетел азаматтары үшін:
- Қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі);
- Мамандық пәні бойынша емтихан.
Құжат қабылдау:
Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2017 жылдың 10-30 шілдесі аралығында жүргізіледі.

ДОКТОРАНТУРА
Мамандықтар:
6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
6D011800- Орыс тілі мен әдебиеті
6D012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
6D012200- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
6D020500 - Филология
6D021300 - Лингвистика
6D021400 - Әдебиеттану
Докторантураға тапсырушыға қойылатын талаптар:
• Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр академиялық дәрежесі болуы керек (мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін магистратураны бітіргендегі GPA үлгірім көрсеткіші 3,33-тен (4,0 баллдық жүйе бойынша) немесе 90 пайыздан (100 пайыздың) кем болмауы қажет);
• шет тілін қабылдау емтихан талаптары деңгейінде жеткілікті меңгерген болуы тиіс.
Докторантураға тапсыру үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1. Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша);
2. Отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшілер келісімі бойынша (ғылыми жетекшінің қолы жұмыс орнының мөрімен расталуы керек) жобаланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі (тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу нысаны мен пәні, ғылыми жаңалығы, күтілетін ғылыми нәтиже, теориялық және қолданбалы маңызы және болжамдағы диссертациялық жұмыстың құрылымы);
3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
4. Докторантураға құжат тапсырушының сауалнамасы;
5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдар мен қосымшаларының нотариус куәландырған көшірмесі;
6. Ұсыныс хат (ұйымның мөрімен расталған);
7. Ғылыми жарияланымдары мен оқу-әдістемелік құралдарының тізімі;
8. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
9. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
10. Еңбек кітапшасының кадр бөлімі куәландырған көшірмесі;
11. Егер бар болса шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL және т.б.);
12. Мекен-жайы туралы анықтама (ХҚКО);
13. 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;
14. Құжаттардың тізімдемесі.
Мақсатты даярлық аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша PhD докторантураға талапкерлер бұған қоса қабылдау комиссиясына мақсатты даярлық орыны берілген ұйым ректоры қол қойған фирмалық бланкіге жазылған жолдама-хат алып келеді.
Қабылдау емтихандары
ҚР азаматтары үшін:
• Шетел тілінен (ағылшын, неміс, француз) стандартталған сауалнама технологиясы бойынша емтихан;
• Мамандық пәнінен емтихан;
Шетел азаматтары үшін:
• Қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі) емтихан;
• Мамандық пәнінен емтихан.
Институттың мекен-жайы:
050010, г.Алматы, проспект Достык, 13
Телефон: 8(727)2911835
e-mail: Fil_fak2011@mail.ru