қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
31.03.2021

«Онлайн оқыту стратегиялары» халықаралық вебинары

 

2021 жылы 7 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым айы мен қолданыстағы «Нақты деректер негізінде оқытушыларды дайындау және ұйымдастырушылық мәдениет» халықаралық жоба аясында Сакраментодағы Калифорния Университетінің (АҚШ) қатысуымен «Онлайн оқыту стратегиялары» тақырыбында халықаралық вебинар өтеді.

 

Вебинарды ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторанты, модератор Баян Сапарғалиева, іс-шараның басты спикері Сакраментодағы Калифорния университеті Білім колледжінің деканы (АҚШ), жоба үйлестірушісі профессор Александр Сидоркин. Вебинардың екінші спикері Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры Айгүл Жұмабекова.

 

Вебинарға оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылар, постдокторанттар мен университет ғалымдары, қызығушылық танытқан тыңдаушылар шақырылады.

 

Өтетін уақыты: 2021 жылғы 7 сәуір, сағат 09:30 (Алматы уақытымен)

 

Zoom арқылы конференцияға қосылу:

https://zoom.us/j/99315539251?pwd=a3FpblZYNWs4WEdIVk9tcWdFOTByQT09

 

Конференция идентификаторы: 993 1553 9251

 

Кіру коды: 374527