қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
31.03.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Оқытушылардың шешім қабылдауға қатысуы»

халықаралық  вебинар өтеді

 

2021 жылғы 5 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым айы мен қолданыстағы «Нақты деректер негізінде оқытушыларды дайындау және ұйымдастырушылық мәдениет» халықаралық жоба аясында Сакраментодағы Калифорния Университетінің (АҚШ) қатысуымен «Оқытушылардың шешім қабылдауға қатысуы» тақырыбында халықаралық онлайн-вебинар өтеді.

 

Вебинарды ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ пост-докторанты, модератор Баян Сапарғалиева. Iс-шараның басты спикері Сакраментодағы Калифорния Университеті Білім колледжінің деканы (АҚШ), жоба үйлестірушісі  профессор Александр Сидоркин.

 

Вебинарға оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылар, пост-докторанттар мен университет ғалымдары, қызығушылық танытқан тыңдаушылар шақырылады.

 

Өтетін уақыты: 2021 жылғы 5 сәуір, сағат 09:30 (Алматы уақытымен)

 

Zoom арқылы конференцияға қосылу:

https://zoom.us/j/97277215023?pwd=by9CUmt6Z0pqWTF5cGNJVSt0N3U0UT09

 

Конференция идентификаторы: 972 7721 5023

 

Кіру коды: 008783