қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.12.2017

МҚПУ оқу үдерісін жаһандық цифрландыруды бастайды

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің серіктесі - Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (МҚПУ) құрылымында Цифрлық білім беру институтын құру туралы үздік тұжырымдамаларға конкурс жарияланғандығын хабарлайды.

 

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, «конкурстың негізгі мақсаты - жаңа тұжырымдамалар негізінде университет құрылымының болашағын сапалы цифрлық білім беруге, жаңа технологияға, кәсіби мамандар дайындауға бағдарлау».

 

«Конкурстың бір айға созылатын сырттай - бірінші кезеңінде, финалистердің тұжырымдамалары іріктеліп, тұжырымдама авторлары байқау комиссиясының алдында баяндама жасап, өз жобаларын қорғайтын болады», - дейді МҚПУ-нің қоғаммен байланыс жөніндегі басқарма бастығы Татьяна Апостолова.

 

Конкурс 2017 жылдың 18 желтоқсаннан 2018 жылдың 15 ақпанына дейін сырттай және іштей өтеді. Оған қатысуға цифрлық білім берудің дамуына қызығушылық танытып отыратын жоғары оқу орындарының қызметкерлері, оқытушылар мен ғалымдарынан құрылған командалар шақырылады. Конкурсқа қатысу және өтінімдерді рәсімдеу Ережелерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады