қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.04.2021

«Абайдық асыл мұрасы» мектеп оқушыларының қалалық конкурсы


2021 жылы 01-21 сәуір аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Рухани жаңғыру орталығы және Студенттік ректоратының ұйымдастыруымен «Абайдың асыл мұрасы» мектеп оқушыларының қалалық Абай өлеңдерін жатқа оқудан конкурс өтеді.

 

Бүгінде халқымыздың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын лайықты түрде атап өту мақсатында, университетімізде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

 

Осы тұрғыда өскелең ұрпаққа Абай Құнанбайұлының мұраларын кеңінен насихаттау, қазақ және әлем әдебиеті классигінің туындыларына баулу мақсатында «Абайдың асыл мұрасы» тақырыбында Алматы қаласының мектеп оқушыларына Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы ұйымдастарылып отыр. Жобаның тағылымы - Абайдың шығармашылығы арқылы жастарды туған жерге, еңбекке, білімге деген сүйіспеншілікті арттыру құндылықтарын күшейту болмақ.

 

Конкурс Ережесіне сәйкес, Абай өлеңдерін көркемдік мәнерде оқыған шығармашылық бейне жұмыстар арнайы комиссия мүшелерімен тексеріледі. Сондай-ақ, ұпайлардың жиынтық саны бойынша қазылар алқасы «Абай өлеңдері», «Шет тілдерге аударылған Абай өлеңдері» номинациялары бойынша үздік үш орынды анықтайды. Жеңімпаздар университет ректорының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Жүлделі орындарды табыстау рәсімі онлайн форматында өтеді.

 

 

 

«Рухани жаңғыру» орталығы

Студенттік ректорат