қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.04.2021

«Ғылыми мақала жазудағы өзекті мәселелер» халықаралық онлайн семинар өтеді

 

2021 жылдың 16 сәуір күні сағат 17.00-де ZOOM платформасында «Латын» ғылыми-практикалық орталығы жанындағы «Тілтұмар» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ғылыми мақала жазудағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық онлайн-семинар өтеді

 

Онлайн-семинар  Scopus базасындағы басылымдарды, ғылыми мақалалар мен зерттеулерді  халықаралық деңгейде  орындау, оларды безендіру мен дұрыс жазу, жұмыстың мазмұндық, құрылымдық  ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

Шара барысында PhD доктор, ОҚМПУ аға оқытушысы, Wos және Scopus базасындағы Millî Folklor журналының Қазақстандағы өкілі Нұриман Бекарыс Тілегенұлы «Халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялау» тақырыбында, ал Шотландиядағы  Абердин Университетінің  PhD докторанты Гүлшат Түсіп «Ғылыми мақала жазудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасайды.

 

Онлайн-семинарға мектеп мұғалімдері, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, ЖОО-ның оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысады.

 

Конференция идентификаторы: 814 5213 1750

 

Конференцияға кіру коды:  713276

 

Конференция сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/81452131750?pwd=WU9yU2diMmFpeitLRFJaSFYyUXNJUT09