қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.04.2021

«Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша эссе мазмұны» вебинары өтеді


Филология және көп тілді білім беру институты және академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19 сәуір күні сағат 10.00- де «Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша эссе мазмұны» деген тақырыпта вебинар өтеді.


Мақсаты - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тұжырымдамасына сәйкес Абайдың «Толық адам» ілімінің мазмұнын ашу, студенттер мен мектеп оқушыларына осы тақырыпта эссе жазуды меңгерту. Вебинарға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Абайтану» ғылыми орталығының аға қызметкері Мақсат Әліпхан, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Абайтану» орталығының ғылыми қызметкері Марат Бекбосынов, кафедра доценті, эссе жазу ісінің маманы Алпысбай Тамаев, Қызылорда қаласы Абай ауылының 138 мектеп директоры Кенжегүл Қуанышбаева және профессор Гүлбану Қосымова қатысады. Вебинарға Алматы қаласы және Қызылорда қаласы мектептерінің оқушылары қатысады деп күтілуде.