қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.04.2021

«Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу»  конкурсы

    
Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының қауым. профессоры Рыстыгулова В.Б. өзі сабақ беретін «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу» пәні бойынша «5В060400-Физика» мамандығының 2 курс студенттерінің арасында 2021 жылы 21 сәуір күні сағат 14.00-де «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу» бойынша конкурс өткізеді. Оған 16 студент қатысады. 4 команда құрылған.


Конкурста командаларға берілетін тапсырмалар:

1. Команданың аты. Эмблема
2. Команда туралы стенд
3. Компьютерлік ойын (сұрақ-жауап)
4. Физикалық құбылысты түсіндір
5. Үй тапсырмасы «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу»

 

Конкурстың әділ қазылар алқасы - Институт директоры Бекпатшаев М.Ж.; институт директорының ғылым және халықаралық байланыс қызметі бойынша орынбасары Уалиев З.Г., физика кафедрасының меңгерушісі Косов В.Н.

 

Ұйымдастыру комитеті - конкурс модераторы, физика кафедрасының қауым. профессоры Рыстыгулова В.Б.; аға оқытушы Битибаева Ж.М., оқытушы Султанова Қ.Ж., ФЕК-181 тобының студенттері Қажымов Ж., Қапар Т.

 

Онлайн: https://zoom.us/j/92776301461?pwd=SHdOa2VxQ2NhUGJUOEdlV1FnWUp0dz09

 

Идентификатор: 927 7630 1461, Код: 193222