қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.04.2021

Көрнекті композитор және дирижер Ахмет Жұбановты еске алу кеші өтеді

 

2021 жылғы 22 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Ұлы дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, әйгілі композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың 115 жылдық мерейтойына арналған «Өнері де, өмірі де өнеге» тарихи-танымдық дәріс өтеді.


Дәріс қонақтары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, А.Жұбанов мектебінің директоры Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Басықараев, Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мұражайының директоры, Ғазиза Жұбанованың келіні - Ләззат Жұбанова.

 

Осы кездесуге жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер қауымын Zoom платформасында қатысуға шақырамыз.

 

Өткізілетін орны: Достық, 13. 202 мәжіліс залы.


Конференция идентификаторы: 943 1145 1786


Қосылу коды: 106742


Ұйымдастырушылар - «Ұлы дала тұлғалары» орталығы, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті