қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.04.2021

COVID-19-ға қарсы вакцинация

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Денсаулық сақтау пунктінің базасында Медеу ауданы әкімдігімен және ШЖҚ «№1 Қалалық емхана» МКК-мен бірлесіп COVID-19 таралуына қарсы күрес аясында егу пункті ұйымдастырылды.


COVID-19 вакцинациясы ерікті түрде және тегін. Вакцинаны қабылдаған кезде ЖРВИ белгілері жоқ, 18 жастан асқан барлық адамдар вакцинация жасай алады. 18 жасқа дейінгі адамдарға қазіргі уақытта COVID-19 вакцинациясына жол берілмейді.


Вакцинацияға қарсы көрсетілім-жедел аурудың болуы немесе созылмалы аурулардың өршуі, жүктілік және бала емізу.


Егу пунктінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 8.00-20.00
сб-жб 10.00-17.00


Мекен-жайы: ҚазҰПУ-дың №1 жатақханасы, Төле би көшесі 35.


Өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.


Толық ақпарат алу үшін университеттің Денсаулық сақтау пунктінің терапевт-дәрігері Жаббарханова Алияға хабарласуға болады. Тел.:87077117272

 

 


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент


 



414

Кері оралу