қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.11.2014

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, «6D010900-Математика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Көпжасарова Асылзат Ауезқызының «Болашақ математик-мамандарды дайындауда "Операторлардың спектралдық теориясының элементтері" таңдау курсын кеңейте оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша.
Ғылыми кеңесшілер:
Сәрсенбі Әбдіжаhан Манапұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Математикалық тәсілдер және модельдеу» кафедрасының меңгерушісі.
Лукашов Алексей Леонидович - физика-математика ғылымдарының докторы, Фатих университеті (Түркия Республикасы, Стамбул).
Рецензенттер:
Исин Мейрам Естаевич - педагогика ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Математика» кафедрасының профессоры;
Турметов Батырхан Худайбергенович - физика-математика ғылымдарының докторы, Хожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университетінің «Математика» кафедрасының доценті.
Қорғау 2014 жылғы 27 желтоқсанда сағат 11.00 - де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле-би көшесі, 30
(1-қабат, 19-кабинет), сайт - www.kaznpu.kz ; e-mail: aiya_c@mail.ru

Аңдатпа үш тілде