қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.04.2021

РhD дәрежесін алу үшін Ж.Б. Бураеваның диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы  «6D010300 - Педагогика және психология», «6D010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша құрылған Диссертациялық Кеңесінде «6D010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Бураева Жанат Бауыржановнаның «Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы  қорғалатынын хабарлайды.

 

Диссертация Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.

 

Ғылыми кеңесшілер

Таубаева Шаркуль Таубаевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Беркимбаев Камалбек Мейрбекович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан.

Гриншкун Вадим Валерьевич - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Мәскеу қ., Ресей.

 

Рецензенттер:

Кеңесбаев Серік Мұхтарұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.08 - Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі).

Тұрғынбаева Ботагүл Алтаевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика).

 

Қорғау 2021 жылдың 31 мамырда сағат 14:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 320-кабинет). Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz     

 

Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық

 



662

Кері оралу