қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.04.2021

РhD дәрежесін алу үшін А.Ш. Абижанованың диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы  «6D010300 - Педагогика және психология», «6D010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша құрылған Диссертациялық Кеңесінде «6D010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Абижанова Асем Шаймерденовнаның «Студенттердің көркемдік-шығармашылық әлеуетін ұлттық кестені оқыту үдерісінде дамыту» тақырыбында диссертациясы  қорғалатынын хабарлайды.

 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.

 

Ғылыми кеңесшілер

Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,  Алматы қ., Қазақстан.

Ömer Zaimoğlu - доктор, профессор, Ақдениз университеті,  Анталия қ., Түркия.

 

Рецензенттер:

Мұсалимов Теміржан Құмхаметұлы - педагогика ғылымдарының докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан (мамандық шифры 13.00.08-Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша). 

Әуелбеков Ержан Бураханұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан (мамандық шифры 13.00.01- Жалпы педагогика және білім тарихы,этнопедагогика).

 

Қорғау 2021 жылғы 31 мамыр сағат 16:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 320-кабинет). Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz 

 

Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі


Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық


 



476

Кері оралу