қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
30.01.2018

Сорбонна-Қазақстан институтының 22 магистранты диплом алды

 



Алматыда Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында 2015-2017 жылдары білім алған 22 магистрантқа «Сорбонна Париж Сити» бірлестігінің мүшелері - Универ­ситеттерінің дипломы тапсырылды.

 

Салтанатты шараға Қазақстандағы Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартине, Париж-Дидро университетінің халықаралық ынты­мақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Антуан Казе, шығыс тілдері және өркениеттері ұлттық институ­тының (ІNALCO) халықаралық ынты­мақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Анн Гринберг, «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы» қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемісов, университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынты­мақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Сорбонна-Қазақстан институтының тең дирек­торлары Гүлмира Нурлихина, Мари-Анн Серв қатысты.

 

Қазақстандағы Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартине түлектерді құттықтап, қазақ-француз ынтымақтастығындағы білім беру және ғылым салаларын дамытуға қосқан үлестері үшін университет басшылығына және Сорбонна-Қазақстан институты­ның ұстаздарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, іс-шара барысында Игорь Рогов, Анн Гринберг и Антуан Казе құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлек­терге табыс тіледі.

 

2014 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна Париж Сити бірлестігімен ынтымақтастығы аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Франция Президенті Франсуа Олландтың қатысумен Сорбонна-Қазақстан инсти­туты құрылған болатын. Бұл институтта бакалавриат («Менеджмент», «Мар­кетинг», «Халықаралық қаты­настар», «Халықаралық құқық», «Психология», «География») және қосдипломдық магистратура («Жаһан­дану кезеңіндегі халықаралық келісім диалог» және «Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару») бағдарламалары бойынша мамандар француз тілінде оқытылады.

 

30.01.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz