қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.05.2021

«Жамбыл үміті» балалар конкурсы басталды

 

2021 жылдың 17-27 мамыр аралығында «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастырумен, 1-маусым Халықаралық балалар күніне орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері мен оқытушыларының балаларына арналған Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жатқа оқудан «Жамбыл үміті» шығармашылық конкурсы өтеді.

 

Конкурс мақсаты - рухани жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туындыларын өскелең ұрпақ арасында жатқа білуін қалыптастыру мен ақынның өнегелі сөздерінің тереңіне үңілуге насихаттап, тәрбиелеу.

 

Конкурсқа қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты үш деңгейде: мектеп жасына дейінгі (3-5 жас); 1-4 бастауыш сыныптар аралығында (6-10 жас); 5-7 негізгі сыныптар аралығында (11-13 жас) қатыса алады.

 

Конкурс жеңімпаздары университет ректорының арнайы дипломы және бағалы сыйлықтарымен онлайн форматында марапатталады. Жеңімпаз бейнероликтер «Рухани жаңғыру» орталығының және университеттің ресми әлеуметтік желідегі парақшалары мен сайтында жарияланады. Конкурс Абай атындағы ҚазҰПУ кәсіподағының қолдауымен өткізіледі.

 

Ереже

 


«Рухани Жаңғыру» орталығы