қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.05.2021

«Білім берудегі әлеуметтік сауалнамалардың құралдары: негізгі қағидаттары» онлайн-семинары

 

2021 жылғы 27 мамырда сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Ресурстық консультативтік орталығы Экономика жоғары мектебінің білім беру Институтымен (РФ, Мәскеу қ.) «Білім берудегі әлеуметтік сауалнамалардың құралдары: негізгі қағидаттары» тақырыбында онлайн-семинар өткізеді. Семинар білім беруді зерттеудегі заманауи социологиялық құралдарға шолу жасауға арналған. Семинар аясында әлеуметтік сауалнамаларды құрастырудың негізгі қағидаттары, сұрақтар типтері, тұжырымдардың ерекшеліктері, ең көп таралған қателер қаралатын болады, көрсетілген қателіктерге жол бермеу бойынша кейбір ұсынымдар ұсынылатын болады.

 

Магистранттар, докторанттар және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады!

 

ZOOM конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/86431232019?pwd=bHpzUys5enI2VFpwbTYwdUdwQ3ZuZz09

 

Конференция идентификаторы: 864 3123 2019

 

Кіру коды: 565251

 

 



285

Кері оралу