қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.05.2021

Құрметті әріптестер!

 

Негізгі @abaiuniversity.edu.kz электрондық пошта доменін ұйымдастыру жұмыстарына байланысты және 05.05.2021 жылғы барлық қолданыстағы пошта аккаунттарын бірыңғай доменге ауыстыруға рұқсат беру туралы № 101-04-06-11/201 Қызметтік хаттың негізінде, Білім беруді ақпараттандыру департаменті сіздерге келесіні хабарлайды.


1. Қазіргі уақытта @kaznpu.kz және @abaiuniver.kz ескі электрондық пошта домендері @abaiuniversity.edu.kz.доменіне ауыстырылады. Бұл көрсетілген ескі домендерге келген барлық хабарламалар, ескі доменде көшірмені қалдырмай, жаңа поштаға автоматты түрде жіберіледі, осылайша сіз барлық жаңа хаттарды @abaiuniversity.edu.kz. пошта арқылы аласыз.

 

2. @abaiuniversity.edu.kz жаңа поштасында барлық ескі логиндер қалады, бірақ @kaznpu.kz поштаны пайдаланғандар жаңа парольді бас оқу ғимаратының 428 кабинетінен алуы қажет (тел.: 291-87-16).

 

3. Егер жаңа поштада кіріс хаттары Кіріс құжаттар папкасына емес, қалаусыз құжаттар папкасына түссе, сол папкаға кіріп, хатты ашып, хаттың жоғарғы оң жағында хатқа сенуге болатындығын растау түймесін басыңыз. Осыдан кейін барлық басқа хаттар Кіріс құжат папкасына келеді.

 

 

Білім беруді ақпараттандыру департаменті

 



289

Кері оралу