қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.05.2021

«Қазақ халқының қасіретті жылдары» дөңгелек үстелі

 

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының ұйымдастыруымен жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында «Қазақ халқының қасіретті жылдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.

 

Онлайн форматтағы дөңгелек үстеліміздің қадірменді қонақтары - Алаштанушы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбай, саясаттанушы Талғат Жанысбай және режиссер Еркін Рақышев. Өткелі отырған бұл дөңгелек үстелдің негізгі бағдары жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен таныстыру.

 

Дөңгелек үстел 29 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 15:00-де ZOOM онлайн-платформасында өтеді.