қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.06.2021

Құрметті әрiптестер!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сізді өз салаңыздың маманы ретінде жоғары білім беру жүйесін жетілдіру және Қазақстанның ЖОО-да оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша тиімді тәжірибелерді енгізу туралы пікіріңізбен бөлісуге шақырады.

 

Сіздің тәжірибеңіз бен пікіріңіз U.S.-Kazakhstan University Partnerships Program бағдарламасы аясындағы «Нақты деректер негізінде оқытушыларды даярлау және ұйымдастыру мәдениеті» жобасы бойынша маңызды ұсыныстар әзірлеу үшін өте құнды.

 

Сауалнаманы келесі сілтеме бойынша 2021 жылдың 10 шілдесіне дейін толтыра аласыз: қазақ тiлiнде - https://forms.gle/KQoALcfHj8Z6fy8BA; орыс тiлiнде - https://forms.gle/JJBMJFJcc62bA5GAA

 

Сонымен қатар жобаның негізгі міндеттері мен Сіздің сауалнамаға қатысуыңыздың маңыздылығын көрсететін қосымша түсіндірмелік хат жіберілуде.

 

Біз Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан дайынбыз.

 

Ынтымақтастығыңыз үшін рахмет!

 



400

Кері оралу