қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ білім алушыларды вакцина алуға ынталандырады


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті білім алушыларды вакцина алуға ынталандыру мақсатында 2021 жылдың 1 шілдесі мен 25 тамызы аралығында COVID-19 қарсы вакцинаның бірінші компонентін ектірген білім алушылар арасында келесідей ұтыстарды ойнатады:

 

1.2021 жылдың 1-15 шілде күндері аралығында вакцина алған 100 білім алушы бір жылдық оқу ақысына (2021-2022 оқу жылына) 5% жеңілдікке ие болады.

 

2. 2021 жылдың 1-20 шілде күндері аралығында вакцина алған 50 білім алушы 20 000 теңге ақшалай сыйақыға ие болады.

 

3. 2021 жылдың 1-12 шілде күндері аралығында вакцина алған 50 білім алушы Қапшағай жағажайындағы «Ұстаз» демалыс орнына жолдама алады. Демалыстың бірінші легі 15-17 шілде күндері аралығында (25 адам), екінші легі 22-24 шілде күндері аралығында (25 адам) ұйымдастырылады.

 

4. 2021 жылдың 1-15 шілде күндері аралығында вакцина алған 60 бакалавр түлектері магистратураға түсу үшін «I teach in English» ағылшын тілі бойынша дайындық курсына тегін сертификатқа ие болады.

 

5. 2021 жылдың 1-25 шілде күндері аралығында вакцина алған 20 білім алушы «Meloman» дүкенінен кітап сатып алу үшін 10 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болады.

 

6. 2021 жылдың 1 шілдесі мен 25 тамызы аралығында вакцина алған 100 білім алушыға «Abai University» имидждік өнімдер жиынтығы табысталады.


Жеңімпаздарды анықтау ашық және кездейсоқ сандардың генераторы әдісі арқылы жүргізіледі. Конкурстың нәтижелері мен жеңімпаздарды анықтау университеттің ресми парақшаларында көрсетіледі.

 

Ескерту: ұтыс ойындарына қатысу үшін келесі сілтеме бойынша теркеліп, вакцина алу туралы ақпаратты толтыруыңыз сұраймыз

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdadIOImNa7YzYcenGxHk0keRkbT59TirRfTKDAin_nfUhejg/viewform

 

Вакцина ектірген білім алушылар арасындағы ұтыс ойындарын өткізу тәртібі