қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.07.2021

Докторантураға түсушілердің назарына!

 

Докторантураға түсуге ниет білдірген үміткерлер 2021 жылғы 3 шілдеден 3 тамызға дейін Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесінде тіркеледі. ЖОО-ға құжаттарды тапсыру кезінде үміткер оқуға түсу үшін 1 ЖОО және 1 БББ таңдайды.


Докторантураға түсуші тұлғалар ЖОО-ға келесі құжаттар топтамасын тапсырады:

1) университет ректоры  атына өтініш (еркін нысанда);

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);

3)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) IELTS халықаралық сертификаты, шекті балл - кемінде 5,5, IELTS INDICATOR  шекті балл - кемінде 5,5, TOEFL ITP шекті балл - кемінде 460 балл, TOEFL IBT шекті балл - кемінде 46, TOEFL PBT шекті балл - кемінде 453 DSH, Niveau В2/В2 деңгейі, TestDaF-Prufung (niveau В2/В2 деңгейі), TFI- кемінде В2 деңгейінен төмен емес,  DELF  B2 деңгейі, DALF B2 деңгейі, TCF - кем дегенде 50 балл;

5) электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.

6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын өзге де құжаттар;

8) соңғы күнтізбелік 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).

 

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.

 

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсу емтихандары ағымдағы жылғы 4-20 тамыз аралығында өңірлік тестілеу орталықтарының базасында компьютерлік форматта өткізіледі. Докторантураға қабылдау - ағымдағы жылдың 28 тамызына дейін.

 

Оқуға түсу емтихандарын тапсыру күні мен уақыты, орны оқуға түсушілердің назарына жеке кабинет арқылы жеткізіледі.

 

Докторантураға түсу емтиханын бағалау: эссе-20 балл, докторантурада оқуға дайындыққа тест тапсыру- 30 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан - 50 балл.


Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түсу үшін шектік баллы - 75 балл.

 

Ақылы негізде оқуға түсу үшін шектік баллы-50 балл.