қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
31.08.2021

Digital Ustaz Almaty - 2021: технологияларды жақындастырып оқушыларға ынта беру


Сіздерді ұстаздар арасындағы Алматы қаласы әкімінің «Digital Ustaz Almaty» сыйлығына бірінші қалалық конкурсына қатысуға шақырамыз.

Бұл кәсіби сайыс жеңіске жеткен үздік қатысушыға Финляндияда тағылымдамадан өтіп, қарқынды білім алу грантының иегері болуға мүмкіндік береді.

Қатысуға өтінімдерді Алматы қаласының мемлекеттік және жекеменшік оқу орындарында кемінде бір жыл педагогикалық өтілі бар барлық пәндер бойынша оқытатын 1-12 сынып ұстаздары бере алады.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: жобаның https://digitalustazalmaty.kz ресми сайтында 1 қазанға дейін.

Барлық конкурс қатысушыларына цифрлық білім жүйесінің үздік халықаралық сарапшылары апта сайын шеберлік сағаттарын, вебинарлар мен тікелей эфирлер өткізеді.

Сонымен қатар конкурсқа 20 қыркүйекке дейін тіркеліп үлгергендер тікелей эфирде рандомайзер көмегімен ноутбуктың ұтыс ойынына қатыса алады.

«Digital Ustaz Almaty» - Алматы қаласының Әкімдігі, Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру Қоры, EdCrunch Academy заманауи білім беру Институты, ҚР Білім және Ғылым Министрлігі мен бас серіктес Алматыкітап Баспасының қолдауымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұстаздарға арналған арнайы жоба.

 

Әлеуметтік желілердегі соңғы жаңалықтарды қадағалап жүріңіз:
Instagram Конкурса: @digital_ustaz_almaty
Telegram: Digital Ustaz_Almaty
YouTube: Digital Ustaz Almaty
Instagram Акимата г. Алматы: @akimat_almaty