қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
24.09.2021

Хабарландыру

 

Университет бойынша педагогикалық цикл пәндері бөлімі (педагогика кафедрасы) Қазақстан Республикасындағы Мұғалімдер күні мерекесі  аясында «Менің кәсіби таңдауым - XXI ғасыр педагогы» тақырыбында онлайн-флешмоб конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.

 

Флешмобтың негізгі идеясы - студенттер арасында XXI ғасыр педагогы мамандығын таңдаудың оңтайлы имиджін қалыптастыру.

 

Әрбір қатысушы (топ) флешмоб тақырыбына және мазмұнына сәйкес бейнеролик ұсынады.

 

Флешмобқа Абай атындағы ҚазҰПУ-дың барлық педагогикалық мамандықтарының 2 курс студенттері, қалаулары бойынша басқа курстардың студенттері қатыса алады.

 

Бейнероликтер 2021 жылдың 27 қыркүйегінен 2 қазанына дейін келесі электрондық мекен-жай бойынша қабылданады: pedagogika406@mail.ru.

 

Қосымша ақпарат алу және басқа да қызықтыратын сұрақтар бойынша жауапты:

Танатова Асель Джангазыевна

Тел.8 777 277 41 06

E- mail: assel_tanatova@inbox.ru