қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.09.2021

«Тілдік парадигмалардың коммуникативтік негізі» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді


2021 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 11.00-де ZOOM платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология мен көптілді білім беру институты және «Латын» ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын талқылау барысында еліміздегі оқу-білім мәселелеріне арналған «Тілдік парадигмалардың коммуникативтік негізі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізеді.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Тілдік парадигмалар - ұлттық бірегейлік пен мәдени әлеуетті нығайтудың коммуникативтік жүйесі.

2. Коммуникативтік тіл білімінің педагогика, психолингвистика, әлеуметтану салаларымен байланысы.

3. Тілдік коммуникация парадигмалары: айтылым мен жазылым әрекеттері.

4. Тілдік коммуникация және ауызша әдеби тіл нормалары.

5. Тілдік коммуникация кеңістігіндегі латынәліпбилі жазылым.

6. Коммуникация теориясына негізделген айтылым мен жазылым үдерістерін меңгерту әдістемесі.

 

Шара барысында Қазақ-Британ техникалық университетінің профессоры Жанат Дәулетбекова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Құралай Күдеринова мен Тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Нәзира Әміржанова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Тыныштық Ермекова, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Картаева және Павлодар қаласы, №41 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Мулькибаева баяндама жасайды.

 

Конференция ҚР БжҒМ «Тілдік коммуникация парадигмалары: айтылым және латынәліпбилі жазылым» атты гранттық жобасы негізінде (ЖТН APO 8855685) өтеді. Онлайн конференцияға ЖОО оқытушылары, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен докторанттар қатысады.

 

Конференция идентификаторы: 782 570 9441

 

Конференцияға кіру коды: 1234567

 

Конференция сілтемесі:

https://us02web.zoom.us/j/7825709441?pwd=NExLS1hsMlJKdU1JbStyYUNRYlB2QT09

 



144

Кері оралу