қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.10.2021

Құрметті студенттер мен магистранттар!

 

Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы бұйрығы жарияланды. 2021-2022 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 55 орын берілді.

 

Абай атындығы ҚазҰПУ Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендия туралы 05-03-05/53 бұйрығына сәйкес 4-ші курстың 38 студентін ұсынды. 2020-2021 оқу жылының оқу нәтижесіне сәйкес 4 студент «В» бағасын алу нәтижесіне байланысты қалған 34 студент оқу нәтижелерінің көрсеткішімен Президент шәқіртақысын алуға лайықты екенін дәлелдеді.

 

Абай университетіне бөлінген президенттік стипендияның бос 21 орнына 3-ші курс студенттері арасында және магистратура бойынша 1 орынға магистранттар ішінен конкурс жүргізіледі. Президенттік стипендияны алу үшін студенттің барлық сабақтары тек «А» және «А-» деген баға болуы қажет. Студенттер ішінен GPA көрсеткіші жоғары студенттер қарастырылады.

 

Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылдың 19 қазанына дейін құжаттарды институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына немесе «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығына тапсыру қажет.

 



263

Кері оралу