қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.10.2021

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Үміт еткен достарым» кеші өтеді


2021 жылғы 7 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Ұлы дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Үміт еткен достарым» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс өтеді. Дәріс қонақтары: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әзия Жұмабаева, тарих ғылымдарының кандидаты Досалы Салқынбек, Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының Бас қор сақтаушы (Қостанай) - Назгүл Шектібаева.


Кездесуге жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер қауымын Zoom платформасында қатысуға шақырамыз.


Өткізілетін орны: Достық даңғылы 13. 320 - зал.


Конференция идентификаторы
: 987 3102 3057


Қосылу коды:
131778