қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.10.2021

Физика пәнінен олимпиада


2021 жылғы 21 қазанда сағат 16.00-де ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты «Физика» кафедрасы 1 курс студенттері арасында онлайн форматта Физика пәнінен олимпиада өткізеді. Олимпиадаға Математика, физика және информатика институтының барлық мамандықтарының 1 курс студенттері қатыса алады.

 

Олимпиаданы өткізу тәртібі

Олимпиадада «Физика» пәнінен 5 есеп беріледі. Олимпиаданы өткізу ұзақтығы 3 сағат. Студенттер олимпиада біткеннен кейін есеп шығару нәтижелерін pdf файлда RystygulovaV@mail.ru электронды поштасына жібереді.

 

Ұйымдастыру комитеті:

Олимпиада модераторы: Физика кафедрасының қауым. профессоры, ф.-м.ғ.к. Рыстыгулова В.Б.

Әділ қазылар алқасы: Битибаева Ж.М. - PhD доктор, аға оқытушы; Насирова Д.М. - PhD доктор, аға оқытушы, Султанова К.Ж. - магистр, оқытушы.

 

Онлайн: https://zoom.us/j/92931135109?pwd=OGpMTUVwcmhQRG1NeUJPQUJBKzJvdz09

 

Тақырыбы: 1 курстар арасында Физика пәнінен олимпиада - 2021

 

Уақыты: 21.10. 2021. 04:00 PM Алматы

 

Идентификаторы: 929 3113 5109

 

Кіру коды: 672576.

 



456

Кері оралу