қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
20.10.2021

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ институттар бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ бойынша - 6 орын

- «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының жетекшісі - 1;
- Бастауыш білім беру бағдарламаларының жетекшісі - 1;
- «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының жетекшісі - 1;
- «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының жетекшісі - 1;
- «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының жетекшісі - 1;
- Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімінің жетекшісі - 1.


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ бойынша- 3 орын

- Биология білім беру бағдарламасының жетекшісі - 1;
- География, қоршаған орта және қызмет көрсету бойынша білім бағдарламаларының жетекшісі - 1;
- Химия бағытындағы білім беру бағдарламасының жетекшісі - 1.

 

ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ бойынша - 5 орын

- Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Дизайн кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Көркем білім беру кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Музыкалық білім және хореография кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі - 1.

 

СОРБОННА-ҚАЗАХСТАН ИНСТИТУТЫ бойынша- 3 орын

- Экономикалық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі - 1.

 

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ бойынша- 4 орын

- Құқықтану кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі - 1.

 

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ бойынша- 4 орын

- Математика және математикалық моделдеу кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Физика кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі - 1.

 

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БЕРУ ИНСТИТУТЫ бойынша- 5 орын

- Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Практикалық ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі - 1;
- Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі - 1.


ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ЖОО-на ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ (Foundation) бойынша- 1 орын

- Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі - 1.


Конкурстық іріктеу үдерісіне қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Кафедра меңгерушісі лауазымына: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, педагогикалық немесе басшы қызметіндегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуға тиіс.

 

Конкурстық іріктеу үдерісіне қатысатын үміткер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесідей құжаттарды тапсыруға тиіс:


1. ҚазҰПУ-нің қызметкерлеріне:

- Университет Басқарма төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініші;
- Үміткерлерге арналған сауалнаманың болуы (электронды форматта);*
- Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми еңбектері, өнертабыс нәтижелерінің тізімі (соңғы 5 жыл ішінде);
- Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);
- Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде);
- Институттың ғылыми кеңесінің, кафедра отырысының хаттамалық шешімдері.**

 

2. Сыртқы үміткерлерге:

- Университет Басқарма төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Үміткерлерге арналған сауалнама (электронды форматта);*
- Жеке куәлік;
- Жоғары білім туралы дипломдардың, ғылыми және ғылыми дәрежелердің көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- Еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыс тәжірибесі бар адамдар үшін);
- Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы;
- Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
- Наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде тіркелмегендігі туралы анықтама;
- Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);
- Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде);
- Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде);
- Соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- Өмірбаян;

- Институттың ғылыми кеңесінің, кафедра отырысының хаттамалық шешімдері бойынша университеттің Персоналды басқару бөлімінен қосымша ақпарат алу ұсынылады;**

 

Өтініш үлгісі

 

ПОҚ бос ауазымына үміткер анкетасы  (Анкета толтырудың үлгісі)

 

* Үміткерлерге арналған сауалнамасының электронды файлын сақтауға қойылатын талаптар:

 

Үміткердің тегі_аты_кафедрасы_сауалнама (Аты-жөні жеке куәлігі бойынша).

 

Үлгі: Абаев_Абай_Дизайн_Сауалнама.


Үміткерлерге арналған сауалнаманы жіберуге арналған электрондық пошта:  hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz

 

** Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін институт директорлары 7 жұмыс күні мерзімінде кафедра мен институттың Ғылыми кеңесінің отырыстарын өткізіп кафедра меңгерушілері мен білім беру бағдарламалары жетекшілерінің бос лауазымдарына орналасуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттарын қарауға тиіс. Кафедра отырысы мен Институттың Ғылыми кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады, конкурстық комиссияның қарауына беріледі.

Конкурсқа қатысушы өз біліміне, кәсіптік деңгейіне қатысты (марапаттар мен құрметті атақтар тізімін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығының ұсыныстары) және т.б қосымша ақпараттар беруге құқылы.

 

Құжаттар тізімге сәйкес ұсынылмаған жағдайда үміткердің өтініші қанағаттандырылмайды.


Кафедра меңгерушісі лауазымына: 2021 жылдың 20 қазанынан бастап 3 желтоқсанға дейінгі аралықта конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар қабылданады (қоса алғанда).

 

Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 13. Персоналды басқару бөлімі (каб.№103); сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін.

 

Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29

 



733

Кері оралу